- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аида Балаева мәдениет...
Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды
Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Аида Балаева 1974 жылы туған. Абай атындағы мемлекеттік университетті "орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
Әр жылдары ол Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
Аида Балаева Алматы ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары, Алматы ішкі саясат департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Төрт жыл бойы елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылғы желтоқсанда ол Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2019 жылғы шілдеден бастап Аида Балаева Президенттің көмекшісі - Президент әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2020 жылғы 4 мамырда ол ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова