Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Аида Балаева туралы не белгілі?

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Ол бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:

  • 1999-2002 жылдары - Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
  • 2002-2004 жылдары - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
  • 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
  • 2004-2005 жылдары - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2005-2006 жылдары - Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
  • 2006-2008 жылдары - Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
  • 2008-2010 жылдары - Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
  • 2010-2014 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2014-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  • 2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.
  • 2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget