"Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінгі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал күрделі болып саналады. Жыл басынан Қазақстанда қызылшаның 20 мың 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81 пайыз 16351-і 14 жасқа дейінгі балалар. Жасөспірімдер арасында инфекция 3,4 пайыз таралған. 3131 жағдай ересектер арасында немесе 15,4 пайыз", - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, республика бойынша Шымкент қаласында 3069 жағдай, Алматы қаласында - 3010 , Жамбыл облысында - 2724, Мағыстау облысында - 1701, Алматы облысында - 1812, Атырау облысында - 1377, Ақтөбе облысында - 1485, Қызылорда облысында - 1182 жағдай тіркелді.
"Қазақстанда күн сайын қызылшаны 350-ге жуық адам жұқтырады. Оның басым бөлігі екпе алмаған балалар. Республика бойынша жұқтырған балалар арасында екпе алмағандар үлесі 83,6 пайыз (13670 жағдай) адам", - деді Манар Смағұл.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!