Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім: Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім: Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

16 қазанда Ақтөбедегі облыстық перинатал орталықта үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, ұлдарға Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімдері берілген. Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 грамм болған.

15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.

Осылайша, Айсана мен Батыржан жеті баланың ата-анасы атанып отыр. Жас отбасы үшемдерге дейін үш қыз бен бір ұл дүниеге әкелген.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинатал орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан