- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ағзаны токсиндерден тазалау...
Ағзаны токсиндерден тазалау үшін не істеу керек?
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында токсиндерден тазалу жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер токсиннен тазару оңай екенін айтты.
"Біз қалаған уақытымызда ағзамызды артық шлактардан, токсиннен тазарта аламыз. Ауру асқынбасын десеңіз, шлак-токсиндерден құтылыңыз. Токсинді шығару үшін адам әрекеттену керек. Өйткені ағза оларды өздігінен шығара алмайды. Мысалы, біз жиі сөз ететін органдар - асқазан-ішек жолдары, өт, бауыр, тері - нағыз токсиндердің жиналатын жері", - деді ол.
⠀Токсиндер қалай жиналады?
- тамақтарды дұрыс қолданбау;
- ащы тағамдарды көп жеу;
- зат алмасу процесінің бұзылуы;
- антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдану;
- қорғаныш функцияларының әлсіз болуы;⠀
Ағзада токсиндер бар екенін қайдан білеміз?
"Кейде қараптан-қарап бас ауыратын кез болады. Қанша ұйықтасаңыз да, ұйқы қанбай, не шашыңыз түсіп, тері бүлінетін кез көп кездеседі. Бұның бәрі токсиннің көп екенін білдіреді", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, мына белгілер де ағзада токсин көп екенін білдіреді:
- Буыныңыздың қақсап ауыруы;
- Тәбетіңіз болмауы;
- Асқазаныңызда ауырлық сезімі пайда болуы;
- Үнемі шөлдеу;
- Аузыңыздан жағымсыз иіс шығу.
Ағзаны токсиндерден тазалау үшін не істеу керек?
Дәрігер Ұлжалғас Сманова шлактан құтылуға көмектесетін кеңестер ұсынды:
- Су ішу нормасын сақтау;
- Жартылай дайын өнімдерден, консерванты мен бояуы бар тамақтардан бас тарту;
- Зиянды тамақтарды мүлдем жемеу;
- Апта сайын моншаға бару;
- Физикалық қозғалыста болу;
- Ұйқы мен демалысты реттеу;
- Түймедақ шайын ішу;
- Ақжелкен мен аскөкті жиі жеу.
Өт айдайтын дәрі-дәрмектердің пайдасы мен зияны
А. Жапатова