Қыркүйектің басында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева жыл басынан бері Қазақстанда донорлық органдармен сауда жасау туралы 15 қылмыстық іс тіркелгенін айтты. ІІМ бұл тірі адамдардың органдары туралы екенін егжей-тегжейлі түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, барлық 15 қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 116-бабы "Адам ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша тіркелген. Алайда орган саудасына күдіктілердің арасында медициналық ұйымдардың өкілдері бар-жоғы нақтыланбаған.
"Барлық деректер тірі адамның органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасаумен байланысты. Адам органдарымен сауда жасау кезінде бастамашылар материалдық жағдайды жақсарту үшін ішкі органдарын сатуға шешім қабылдаған азаматтардың өздері де, өзімшіл мақсаттарды көздейтін делдалдар да өз органдарын сатқысы келетіндерді іздеу, сондай-ақ трансплантацияны қажет ететін және оны сатып алуға дайын реципиенттерді іздеумен айналысатыны анықталды" – деді ІІМ өкілдері.
Ведомство "органдарды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) транспланттауға және оларды алып қою шарттарына" "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 209-бабына сәйкес адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) сатып алуға-сатуға тыйым салынатынын және Қылмыстық Кодекстің 116-бабына сәйкес заң бойынша қудаланатынын еске салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!