Бұған сену қиын, алайда бас ауыру, жиі тұмаурату, депрессия, бөртпе және тіпті, бастағы қайызғақ ағзаға паразиттер мен құрттардың түсуінен болуы мүмкін. Кейде оларды ағзадан шығару оңай емес. Сол үшін де көпшілік дәрігер мен маман рационға құрттардың алдын алуға көмектесетін өнімдерді қосуға кеңес береді. Оған қоса, олар - қолжетімді өнімдер. Ендеше, паразиттер қорқатын топ-5 өнімді ұсынамыз.
Сарымсақ
Сарымсақтағы аллицин – өткір иіс беретін, көптеген құрт, бактерия және вирусты өлтіретін зат. Бұл заттан құрттардың метаболизмі жұмыс істемей, өледі.
Асқабақ дәндері
Асқабақ дәндерінде кукурбитин деген зат бар. Бұл аминқышқыл ішек құрттарының бұлшықетін әлсіретеді. Нәтижесінде, олар асқазан қабырғасына жабыса алмай, нәжіспен сыртқа шығады.
Ананас
Бұл жемістің құрамында ішек құрттарының ақуыздық құрылымын ерітетін зат бар. Сондықтан паразиттер өледі.
Куркума
Куркума – өте пайдалы және паразиттермен тиімді күресетін дәмдеуіш.
Зімбір
Зімбір – паразиттерге қарсы қасиетке ие. Сондай-ақ ол зат алмасу мен асқорытуды жақсартады және ағзадағы уыттарды сыртқа шығарады.
Оқи отырыңыз: Ағзаңызда ішек құрттары бар екенін қалай білуге болады?