Денсаулықтағы кінәрәтті анықтаудың ең дұрыс жолы дәрігерге барып тексерістен өту. Дегенмен, кей ауруларда маманға баруды қажет етпейтін белгілер бар. Мәселен дүние жүзінде миллиондаған адам қант диабетімен ауырады. Ауру қалай дамиды? Неліктен қант диабетінен құтылу мүмкін болмаса да, оны емдеу керек? Қанттың жоғарылағанын тексерусіз қалай білуге болады? Бұл сұрақтарға медицина ғылымдарының докторы Ольга Виноградова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда қант диабеті белгілі бір ауру емес, табиғаты бойынша әртүрлі патологиялардың жиынтығы. Бірінші типтегі қант диабеті аутоиммунды ауру болып саналады. Ол көбінесе жасөспірімдерде пайда болады. Бұл ауру инсулин шығаратын жасушалардың өлімімен сипатталады. Бұл жасушалардың абсолютті жеткіліксіздігіне және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Бірінші типтегі қант диабеті екіншісіне қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі.
Екінші типтегі қант диабеті әдетте орта жастағы және егде жастағы адамдарда дамиды. Жасөспірімдерде де кездеседі. Көбінесе ауру артық дене салмағының кесірінен пайда болады.
Қант диабетінің екінші түрі инсулин өндіру процестерінің бұзылуымен ғана емес, сонымен қатар организмдегі инсулиннің әсер ету механизмдерінің бұзылуымен де сипатталады. Яғни, инсулин нашар өндіріліп қана қоймай, нашар жұмыс істейді.
Бірінші және екінші типтегі қант диабетінен басқа, қандағы қанттың жоғарылауымен сипатталатын бірқатар аурулар бар. Мысалы, ересектердің жасырын аутоиммунды қант диабеті, панкреатогенді қант диабеті деген секілді.
Адамда қандай қант диабеті болса оның асқынуы ең үлкен қауіп болып табылады. Бақытымызға орай уақтылы емдеу арқылы қайғылы жағдайдың алдын алуға болады. Әдетте, екінші типтегі қант диабетінің басталуы адамға байқалмайды. Алғашқы белгілер қандағы қанттың жоғарылағанына бірнеше жыл өткеннен кейін ғана білінеді. Бұған дейін қант диабетін қан тапсырмай анықтау мүмкін емес. Бірінші типтегі қант диабеті келесідей білгілермен сипатталады:
Қант диабетінің дамуына жол бермес үшін адамдар кемінде жылына бір рет қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін тест тапсыруы керек. Бір қызығы, зертханалық диагностикалық әдістер ойлап табылғанға дейін дәрігерлер пациентке зәрдің тәтті дәміне қарап қант диабеті диагнозын қойған.
Ал қазіргі пациенттерде қандағы қант деңгейін анықтаудың дәл әдісін тіпті үйде де қолдануға болады. Бірнеше секунд ішінде қан тамшысындағы экспресс әдісімен глюкоза деңгейін анықтайтын арнайы портативті глюкометрлер пайда болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!