- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ағыс алып кеткен:...
Ағыс алып кеткен: Петропавлда екі күннен бері суға кеткен бала іздестіріліп жатыр
Петропавлда құтқарушылар мен еріктілер суға батып кеткен 10 жастағы баланы екі күннен бері іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі құрдасы және інісімен шыққан бала Есіл өзенінің жағасында суға түсіп, ойнап жүрген.
"Олар тақтайға арқан байлап, бірі үстіне тұрып, қалғандары тақтаны суға итеріп ойнаған. Тақтайға Омар тұрғанда, арқан шешіліп кетіп, баланы ағыс алып кеткен. Ал мұнда өте қауіпті жер – ағыс қатты, құйындар болады. Жағадан он метрдей жерде құйынға түсіп, суға бата бастаған. Екі бала қорқып қашып кетеді. Ал інісі көмек шақырған. Үлкендер жүгіріп келген, бірақ бала батып кеткен", - деді Tengrinews.kz-ке ҚХА гуманитарлық көмек және құтқару штабының СҚО бойынша жетекшісі Алла Писаренко.
Оның айтуынша, 14 маусым, жұмада сағат 16:00-ден бері іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар мен жедел әрекет ету тобы баланы қараңғы түскенше суда және жағалауда іздеген.
ҚХА СҚО бойынша гуманитарлық көмек және халықты құтқару штабы басшысы ұсынған сурет
Баланы іздеуге баланың отбасы, туыстары мен достары тәжік этномәдени орталығының өкілдері де көмектесіп жатқаны айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан