- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ағын суды тазартудың...
Ағын суды тазартудың тың тәсілі
Қазақстандық инженерлер лай суды тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Құрылғыны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері дайындаған.
Бұл тәсіл арқылы химиялық заттармен ластанған суды да тазартуға болады. Аталған құрылғы 100 литр суды тазартуға 25 минут жұмсайды. Инженер Варвара Рубе арнайы реактив қосу арқылы лай суды тұндырған.
"Технологиялық желі еріген химиялық қоспаларды кетіреді. Ал, судың сапасы жоғалмайды. Нәтижесінде осындай таза су шығады. Міне, түсі де өзгерген. Тап – таза. Енді оны пайдалануға болады", - дейді ол.
Аталған экологиялық жоба авторлары бұл жұмыстары үшін «Ғылым қорынан» 143 миллион теңге ұтып алған. «Ғылым қоры» АҚ-ы бұл жағдайға былай деп пікір білдірді:
"Аталған университеттің ғалымдары өз лабораторияларында судың құрамын зерттеп, анықтап, жаңа технологиялар арқылы тазартуға болатынын дәлелдеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін жасағаннан кейін бізден осындай қаржыландыруға ие болып отыр", - дейді Нұртас Әлішер.
Сала ғалымдарының айтуынша, біздің елімізде өндірістік сулар сирек тазартылады. Сондықтан, бұл экологиялық жобаның маңызы еліміз үшін жоғары.
А. Қажиев