Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы айтып берді. Облысымыз республиканың жетекші агроөнеркәсіп өңірі болдыжәне болып қала береді. Ол еліміздің астық қоймасына лайықты үлес қосып отыр. Ол дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойыншаауыл шаруашылық хабынқұруға баса назар аударды. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны112 млрд.теңгеденасады және мұнда600 мың тоннаға дейін астық сақтауға арналған элеватор салу, бидай өңдеу, жаңа өнімдерді: глютен, крахмал, сондай-ақ жылына100мың тоннаға дейін ұн,120 мыңтонна өсімдік майын және1 млн.тонна құрама жем өңдеу көзделіп отыр, деді Архимед Бегежанұлы. Конференция кезінде облыс басшысы шикізат экспортынан дайын және қымбат ауыл шаруашылық өнімдерін шет елдерге экспорттауға көшу керектігін де айтып өтті. Бұл жоспарды орындау үшін бүгінде бірқатар нақты жұмыс жасалып жатыр. Мысалы, егіс алқаптарының құрылымы әртараптандырылып, өндірістер барынша жаңартылып, өңірде кәсіпорындар ашылуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, индустрияландыру жылдарында агроөнеркәсіптік кешенде 78,8 миллиард теңгеге 205 инвестициялық жоба іске асырылыпты. Одан бөлек, 4 мыңға жуық адамға жаңа жұмыс орындары ұсынылған.