- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Агроөнеркәсіп бойынша Қазақстандағы...
Агроөнеркәсіп бойынша Қазақстандағы жетекші өңір – Қостанай облысы
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы айтып берді.
– Облысымыз республиканың жетекші агроөнеркәсіп өңірі болды және болып қала береді. Ол еліміздің «астық қоймасына» лайықты үлес қосып отыр. Ол дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойынша ауыл шаруашылық хабын құруға баса назар аударды. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны 112 млрд.теңгеден асады және мұнда 600 мың тоннаға дейін астық сақтауға арналған элеватор салу, бидай өңдеу, жаңа өнімдерді: глютен, крахмал, сондай-ақ жылына 100 мың тоннаға дейін ұн, 120 мың тонна өсімдік майын және 1 млн. тонна құрама жем өңдеу көзделіп отыр, – деді Архимед Бегежанұлы.
Конференция кезінде облыс басшысы шикізат экспортынан дайын және қымбат ауыл шаруашылық өнімдерін шет елдерге экспорттауға көшу керектігін де айтып өтті. Бұл жоспарды орындау үшін бүгінде бірқатар нақты жұмыс жасалып жатыр. Мысалы, егіс алқаптарының құрылымы әртараптандырылып, өндірістер барынша жаңартылып, өңірде кәсіпорындар ашылуда.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, индустрияландыру жылдарында агроөнеркәсіптік кешенде 78,8 миллиард теңгеге 205 инвестициялық жоба іске асырылыпты. Одан бөлек, 4 мыңға жуық адамға жаңа жұмыс орындары ұсынылған.
А. Қажиев