"Ағайындылар" тобының солистері трио неліктен дуэт болып қалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Топ мүшесі Мәулен Амировтің сөзінше, триода болған Бауыржан Қаңтарбай жеке басындағы мәселелерге байланысты бөлек кеткен.
"Ол топтан кетіп, Алматыдан Шымкентке көшуіне тура келді. Арамыз дұрыс. Солай болып қалды. Кетемін деген өзінің шешімі болды. Жеке шығармашылықпен де айналысып жатыр", - дейді Мәулен Амиров.
Оның сөзінше, Бауыржан Қаңтарбай қазіргі уақытта Шымкенттегі опера және балет театрында солист.
"Бауыржан кеткеннен кейін оның орнын басатын адамды да ойладық. Ойлана келе екеуіміз топты жалғастыра береміз деп шештік", - дейді Мәулен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!