“Ағасының жолын қуды“. Димаш Құдайбергеннің інісі үлкен сахнаға шықты

“Ағасының жолын қуды“. Димаш Құдайбергеннің інісі үлкен сахнаға шықты

Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің інісі Әбілмансұр концерт-спектакльде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Концерт 9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі "LA’Театр" әртістерінің қатысуымен өтті. Әбілмансұр Құдайбергеннің Omir атты композицияны пианинода ойнаған видеосын Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында бөлісті.

Елордадағы Sen men Sàt музыкалық театрының шығармашылық бірлестігінің әртістері театр қойылымдарында, кинофильмдер және сериалдарда басты рөлдерімен танымал өнерпаздар поэтикалық-музыкалық жанрда өнер көрсетті.

Әбілмансұр Құдайберген - жас музыкант, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледждің электрогитара бағыты бойынша студенті. Мультиинструменталист, автор және аранжировщик өзінің ағасы Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы If I Never Breathe Again, Omir және өзінің Together атты авторлық композициясын пернетақтада орындады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева