- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ағаштың арасына салған“....
“Ағаштың арасына салған“. Астанада есірткі жасырып жүргендер ұсталды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланның жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы дерек 18 қазанда сағат 19:50 шамасында болды. Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде әскери жасақ ағаштың түбінде бір затты жасырып жатқан азаматты байқады. Жасақ бастығы Сайыскелді Сайлауұлы және қатардағы жауынгерлер Темірлан Ағанкелдиев пен Еламан Әбүйір дереу мән-жайды анықтауға кірісті.
"Күдіктінің ағаш арасына белгісіз заттары бар бумалар жасырғаны анықталды. Біз оны ұстаған соң, сол аумаққа қосымша тексеру жүргіздік, - дейді әскери жасақ бастығы.
Ұсталған ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді.
Тергеу жедел тобы күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде өзіне тән иісі бар зат салынған 64 буманы тәркіледі. Екінші оқиға Есіл ауданы көшелерінің бірінде болды. Әскери жасақ бастығы Еркебұлан Парымбеков және патрульші жауынгерлер Бекнұр Аяшев пен Құрбанәлі Наурызбай марихуанасы бар байлам тауып, ізкесу нәтижесінде тағы екі есірткі курьерін ұстады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина