Әнші Мақпал Жүнісова марқұм әріптесі Ақжол Мейірбековты еске алды. Ол өнердегі ағасымен түскен естелік видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі осыдан үш жыл бұрын Ақжол Мейірбековпен бір тойда болған кезін еске алып, өкінішін жеткізді.
"Ақжол ағамен үш жыл бұрын ғана осы тойда жақсы әніне билеп, тойды гүрілдетіп өткізген едік. Әттеген -ай, өмірде бәріміз де қонақпыз ғой. Марқұм Ақжол ағаның орны ойсырап тұр, амал қанша, топырағыңыз торқа болсын, отбасыңызға Алла ғұмыр берсін", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!