- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ағаның орны ойсырап...
"Ағаның орны ойсырап тұр". Мақпал Жүнісова марқұм әріптесін еске алды
Фото:
Фотоколлаж
Әнші Мақпал Жүнісова марқұм әріптесі Ақжол Мейірбековты еске алды. Ол өнердегі ағасымен түскен естелік видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі осыдан үш жыл бұрын Ақжол Мейірбековпен бір тойда болған кезін еске алып, өкінішін жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ақжол ағамен үш жыл бұрын ғана осы тойда жақсы әніне билеп, тойды гүрілдетіп өткізген едік. Әттеген -ай, өмірде бәріміз де қонақпыз ғой. Марқұм Ақжол ағаның орны ойсырап тұр, амал қанша, топырағыңыз торқа болсын, отбасыңызға Алла ғұмыр берсін", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы