Танымал әнші Балжан Бидаш жаңа жалдамалы пәтерге көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа пәтері болғанын армандайтынын айтты.
"Пәтер қарауға келдім. Қашан менің өз пәтерім болады екен?! Алматыға келгелі көшіп жүрмін. Киімдерімнің өзі 5-6 чемодан болып тұр. Ағам үнемі көшіріп жүреді. Шаршаған да шығар. Мен де өзімнің үйім болғанын армандаймын", – деді әнші.
Әнші су тасқынынан зардап шеккендерге арнап халықтан ақша жинап, көмек берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз