Оңтүстік Африка Республикасының студенттері пневмогидравликалық зымыран ұшырып рекорд орнатты. Зымыран 830 метрге дейін көтерілген. Бұл туралы Gizmodo басылымы жазды.
Зымыран сығылған ауаның энергиясының есебінен ұшты. Айта кетелік, бұған дейінгі рекорд АҚШ студенттеріне тиесілі болды. 2007 ұшырылған ракета 623 метрге дейін көтерілген.
Африкалықтар ұшырған зымыранның салмағы 1,5 килограмдай болды. Жылдамдық 550 км/сағатқа дейін жеткен.
"Қуаныштымыз. Өте қызық болды. Бұл зымыранды ұшыруға пайдаланылған технология арқан жасау үшін, ғарыш кемелерін үдету үшін қолданылады", - деді студенттердің жетекшісі Арно Малан.
Зымыран биыл 25 тамызда ұшырылды.