- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Африка азаматтары мәжбүрлі...
Африка азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды
Фото:
instagram.com/almaty_police_department
Африка азаматтары Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтарды.
Полицияның хабарлауынша, бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған.
"Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - деді Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан