- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС-ты Ресейдің салғанын...
АЭС-ты Ресейдің салғанын қолдамаймын - депутат Айдарбек Қожаназаров
Мәжіліс депутат Айдарбек Қожаназаров АЭС-ты Ресейдің салғанын қолдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда АЭС салу бойынша бүкіл халықтық референдум өтетінін айтты. Референдумның сұрақтары қалай болуы мүмкін?
Мысалы референдумда "АЭС салуды қолдайсыз ба, жоқ па?" деген сұрақ болуы мүмкін. Сондай-ақ "АЭС-ты қай мемлекет салу керек?" деген екінші сұрақ болуы керек пе? "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, бұл өте орынды сұрақ.
"Менің ойымша, екінші сұрақ қойылуы керек. Бұған дейін бұл мәселені журналистпен талқылаған болатынмын. Негізі АЭС салып жатқан мемлекет стратегиялық ешқандай конфликт тудырмайтын мемлекет болуы керек. Яғни, ертең күні ол мемлекет қиындық тудырмауы және ең бастысы технолгоиясы озық болуы керек. Әйтсе де "АЭС-ты қай мемлекет салу керек?" деген сұраққа жауап беру үшін білікті маман болу керек қой. Эмоционалдық сұрақ болмауы керек. Мысалы Франция, Оңтүстік Корея АЭС салатын болса, сіз қайсын таңдайсыз? Ресейді әдейі айтпай отырмын", – деді партия төрағасы.
Айдарбек Қожаназаров АЭС-ты Ресейдің салғанын қолдамайтынын айтады. Нақтырақ айтсақ ол Ресейден басқа тәжірибесі мол Жапония, Франция сияқты мемлекет жақсы салатынын ескертті. Әйтсе де саясаткер екі мемлекеттің бірін таңдау керек болса, Францияның АЭС салғанын қолдайтынын жеткізді.
Серік Құдайбергенұлы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина