“АЭС-ті зерттеңіздер!“ Меруерт Түсіпбаева ер адамдарға кеңес берді

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева толық адамдарды сынағаны үшін хейттің астында қалғанын айтып, желіде жиі пікір жазатын ер адамдарға үндеу жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Меруерт Түсіпбаеваның жазбасына пікір жазып, хейт жасағандардың көпшілігі ер адамдар екенін айтқан ол еркектерді спортпен, ғылыммен айналысуға шақырды. 

"Мен толықтарды жек көремін" деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Әлеуметтік желіде түрлі тақырыппен жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар. Әуелі, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей, спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!", – деп жазды ол. 

Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева тағы бір сұхбатында жағымпаз адамдарды да сынаған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!