- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС салынуына қатысты...
АЭС салынуына қатысты референдум күзде өтеді - Тоқаев
Фото:
depositphotos.com
Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына байланысты референдум күзде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", - деді Президент.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова