Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров биыл 6 қазанда АЭС салу бойынша референдум қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Қазақстанда 12 176 968 сайлаушы барын атап өтті.
"Референдумда жалпы 10 327 сайлау учаскесі болады. Қазақстандықтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінің саны - 9 709, уақытша учаске - 618. Мұнда 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде орналасады. Барлық сайлау комиссиясының мүшелерінің саны 70 мың 49 адам болады", - деді Константин Петров.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі науқан қалай жүргізілетінін түсіндірді:
- 12 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы билік БАҚ-та сайлау учаскелерінің шекарасы туралы, ал аумақтық референдум комиссиясы сайлау комиссиясының құрамы және олардың орналасқан жері туралы ақпаратты жариялайды;
- 15 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы билік әкімнің қолы қойылған сайлаушылардың тізімдерін референдум учаскесіне, ал жоғары тұрған комиссияға және Орталық сайлау комиссиясына тізімнің электронды нұсқасын беруге тиіс;
- 26 қыркүйекке дейін учаскелік референдум комиссиялары дауыс берушілердің тізімін алғаннан кейін ауқымды жұмысты бастайды: азаматтар дауысты қашан және қайда бере алатыны, не үшін дауыс беру керегі, сайлау учаскесі қай мекенжайда орналасқаны туралы ақпаратты береді;
- Бюллетеньдер дауыс беру күніне дейін 1 күннен кешіктірілмей жеткізілуі керек;
- 5 қазан - үнсіздік күні. Үгіт-насихат дауыс беру күніне дейін түнгі сағат 00.00-де аяқталады.
- 6 қазан - референдум күні. Дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін. Мысалы, вахталық әдіс арқылы жұмыс істейтіндер үшін.
- 12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының
- жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.
- Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын белгілеп, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесіне қатысты ұлттық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеген еді.
Науқанды өткізуге бюджеттен 15,5 теңге бөлінуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!