- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС салу бойынша...
АЭС салу бойынша референдумда тек бір сұрақ қарастырылады
Фото:
Massaget.kz
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бюллетеньде тек бір сұрақ жазылады.
"Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе" деген сұрақ болады. Басқа сұрақ жоқ. "Иә", "жоқ" деген жауап болады", - деді Нұрлан Әбдіров.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен