- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС құрылысына қатысты...
АЭС құрылысына қатысты референдум: барлық учаске өз жұмысын тоқтатты
АЭС құрылысына қатысты референдумда дауыс беру аяқталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша барлық учаске өз жұмысын тоқтатты.
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда дауыс берушілер саны 50 пайыздан асты, сондықтан референдум өтті деп танылды.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79% қатысты).
Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12 307.
Бүгін Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті.
Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде.
Сонымен қатар халықаралық байқаушылар біздің сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, өздеріңізге мәлім, референдумды 200-ден астам шетелдік журналист ақпарат таратты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина