- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС құрылысы
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді - Үкімет жауап берді

Қазақстанда АЭС құрылысын қай ел салатыны маусым айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біріншіден, бұл мәселе ұлттық жобаға енбеген. Себебі ұлттық жоба алдағы бес жылға жоспарланған. Атом стансасына біраз уақыт керек екенін өздеріңіз білесіздер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жұмыс жасап жатыр. Қазір әлеуетті вендорлармен келісімсөздер жүріп жатыр. Сондықтан тапсырма бойынша осы жылдың бірінші жартыжылдығында мамыр, маусым айларында осы бойынша толыққанды ақпарат беріледі", - деп жауап берді Сұңғат Есімханов.
Тілшілер тиісті мәлімет маусым айында жариялана ма деп нақтылады.
"Иә, қай вендормен жұмыс жасауды бастайтынымыз туралы ақпаратты айтамыз", - деді вице-министр.
Айта кетейік, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет