- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС құрылысы басталып...
АЭС құрылысы басталып кеткені рас па?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады. Мәселеге орай Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігі өкілдері пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, бейнероликте Google Maps онлайн сервисі арқылы құрылыс нысандары көрсетілген, ал бұл нысандардың атом электр станциясы екені шындыққа жанаспайды.
"Бейнежазбада көрсетілген нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған кенттің құрылысы басталды. 2014 жылы "Балқаш жылу электр орталығы" жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.
Онлайн сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі тарауына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтінім жіберілді", – деп жазылған хабарламада.
Алматы облысы әкімдігі
Еске салайық, бұған дейін АЭС бойынша референдум аясында заң бұзған 4 адам жауапқа тартылғаны хабарланды.
Айта кетейік, АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова