Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясына қатысты барлық мәселені бақылауында ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан соң министрге "атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланбай ма? Салдарынан жобаның іске асуы күмәнді болмай ма?" деген сауал жолданды.
Алмасадам Сәтқалиев мәселе бақылауда болады деп сендірді.
"Атом станциясын (салу бойынша) көпдеңгейлі бақылау механизмі бар. Бұл кез келген заңсыз әрекеттің барлық тәуекелін барынша азайтатынына сенімдімін. Мен министр ретінде бұған барынша ықпал етемін. Сондай-ақ қоғам, журналистік қоғамдастық алдында қабылданған шешімдер туралы үнемі есеп беремін", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдум өткізудің Үкімет қаулысының Жарлық жобасын Президент әкімшілігінің қарауына жіберуді тапсырғаны хабарланды.
Сонымен қатар Қазақстанда АЭС-ті кім салуы мүмкін екені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!