- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС бойынша референдумға...
АЭС бойынша референдумға қанша адам қатысты? Алдын ала деректер белгілі болды
Орталық референдум комиссиясында (Орталық сайлау комиссиясы) АЭС бойынша референдумға қанша адам қатысқаны жөнінде алдын ала деректер айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар 10:05-тегі жағдай бойынша мәліметтерді баяндады.
Осы уақытқа дейін келгендердің үлесі 17,79 пайыз болады. Барлығы – 2 178 593 адам дауыс берді.
1. Абай облысы бойынша - 15,36 пайыз;
2. Ақмола облысы бойынша - 17,18 пайыз;
3. Ақтөбе облысы бойынша - 19,21 пайыз;
4. Алматы облысы бойынша - 16,31 пайыз;
5. Атырау облысы бойынша - 17,11 пайыз;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 16,43 пайыз;
7. Жамбыл облысы бойынша - 16,19 пайыз;
8. Жетісу облысы бойынша - 18,08 пайыз;
9. Қарағанды облысы бойынша - 30,63 пайыз;
10. Қостанай облысы бойынша - 16,90 пайыз;
11. Қызылорда облысы бойынша - 20,91 пайыз;
12. Маңғыстау облысы бойынша - 16,45 пайыз;
13. Павлодар облысы бойынша - 14,04 пайыз;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 15,83 пайыз;
15. Түркістан облысы бойынша - 18,56 пайыз;
16. Ұлытау облысы бойынша - 17,40 пайыз;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 17,85 пайыз;
18. Астана бойынша - 20,04 пайыз;
19. Алматы бойынша - 8,86 пайыз;
20. Шымкент бойынша - 19,56 пайыз.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.
АЭС салу референдумы қалай өтеді?
Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды.
АЭС бойынша референдум: бюллетеньде не жазылады?
Өңірлердің АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындығы қандай?
Энергетика министрлігі өкілі Massaget.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайтынын мәлімдеді.
Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова