Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.
Нәтижесінде, 4 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.
Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз