Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдумда дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай табуға болады? Massaget.kz ресми сайт арқылы ақпаратты тез әрі оңай тексеруге болатыны туралы нұсқаулық дайындады.
Бұл үшін referendum.gov.kz деген арнайы сайт іске қосылды. Өз учаскеңізді білу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Деректерді енгізгеннен кейін жүйе дауыс беру учаскеңізді көрсетеді.
6 қазанда басқа қалаға кетуді жоспарласаңыз, алдын ала құжат алыңыз. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша сайлау пунктіне бару қажет, құжатты 5 қазан сағат 18:00-ге дейін алу керек. Есептен шығару куәлігі сол елді мекеннің немесе қаланың басқа учаскесінде дауыс бергісі келетіндерге берілмейді.
Референдум күні шетелде болсаңыз, сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне аласыз. 62 елде 77 учаске құрылды. Учаскелердің тізімін бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жариялады.
Шет мемлекетте – жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша тұратын немесе уақытша болатын және жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары референдумда дауыс бере алады.
Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат – 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.
Соғыс қимылдары болып жатқан Ливанда сайлау учаскесі ашылмайды деген шешім қабылданды.
Денсаулық жағдайына, отбасының науқас мүшесінің күтіміне, мүгедектігіне немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіну қажет.
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар референдум туралы сілтемесі бар SMS алып жатқаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз