Астанадағы Орталық сайлау комиссиясында биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдумның бюллетені таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Референдумға шығарылған сұрақтың тұжырымдамасы "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" және дауыс берушінің жауап нұсқалары "Иә, келісімен ", "Жоқ, келіспеймін". Дауыс беруші дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоя алады", - деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.
Сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллеттеннің қорғалу дәрежесі белгіленеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!