- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АЭС бойынша референдум:...
АЭС бойынша референдум: 70 жастағы қария бата беріп, таңдауын жасады
Қонаевта өтіп жатқан референдумда 70 жастағы қария бата беріп, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрысбек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, сол жерде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді.
Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымды қызметте болған.
"Ол 2015 жылы Қапшағай қаласының Құрметті азаматы атағын алған. Ал 2020 жылы "Қапшағай қаласына 50 жыл" арнайы төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде қария Ақсақалдар кеңесінің белді мүшесі ретінде қоғам өміріне белсенді қатысып жүр.
Қонаев қаласы атамыздың көз алдында өсіп, дамыған. Сондықтан кез келген сайлау, референдумға қатысу – Тұрысбек Доспанбетов үшін маңызды шараның бірі", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.
АЭС салу референдумы қалай өтеді?
Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды.
АЭС бойынша референдум: бюллетеньде не жазылады?
Өңірлердің АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындығы қандай?
Энергетика министрлігі өкілі Massaget.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайтынын мәлімдеді.
Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова