- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абзал Құспан
“Адвокат кезімде бұдан көп табатынмын“. Абзал Құспан депутаттық жалақысының қанша екенін айтты
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Еrbol Seilkhan Youtube-арнасына берген сұхбатында қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзін бәрін ашық айтатын адамдардың қатарына жатқызды.
"Өмірде ашық әрі ащы айтатын адамдар болады, мен сондай адамдардың қатарынанмын. Ең бастысы, екіжүзділік болмауы керек. Жасыратын ешнәрсем жоқ. Дубайда пәтерім жоқ, бизнесім жоқ. Бизнес болған күннің өзінде ол қылмыс емес, өйткені мен шенеунік болған жоқпын. Жолдасымның шағын кәсібі бар, оған ондаған жыл болды. Балаларымды өзгеше тәрбиелеп отырған жоқпын. Айтатын сөздеріме күнделікті істеп жатқан іс-әрекетім сәйкес келеді. Мен мұны үлкен бақ деп білемін. Ал бірақ қоғамның ырқына жығылып, өйткені қоғамда да ықпал көп, ойымды өзгертпейді екенмін. Қалай бар, солай айтамын, солай айта беремін", - деді ол.
Сонымен қатар депутат жалақысы туралы айтты.
"Жалақымыз миллионға жетпейді, мен негізі адвокат ретінде бұдан да көп тауып үйренген адам едім. Нұрсая тұрғын үй кешенінде, қызметіме байланысты берген мемлекеттік үйде тұрып жатырмыз, ал қызметтік көлікті ең аз пайдаланатындардың қатарындамын", - деп қорытындылады ол.
Еске салайық, бұған дейін Абзал Құспан жастарды әскерге күштеп әкетуді неліктен қолдайтынын түсіндірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә