Желіде белгілі адвокат Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясының баспасөз қызметі осы хабарларға қатысты түсінік берді.
"Бопсалау және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялағаны үшін адвокаттар У. және Б-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық-процессуалдық заңнамада көзделген белгіленген тыйымға қарамастан, бұл тұлғалар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тергеудің барысы туралы ақпарат таратқан", - деп хабарлады полиция департаменті.
Айта кетейік, адвокат Жанна Оразбақованың өзі Tengrinews.kz редакциясына хабарласып, ақпаратты нақтылаған.
"Әрине, жалған. Мен сізбен қалай сөйлесер едім? Бұл сандырақ. Маған бір апта бойы ақпараттық шабуыл жасалып жатыр", - деді Оразбақова.
Еске сала кетейік, Жанна Оразбақова Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!