- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әділетсіздікке тап болдым“....
“Әділетсіздікке тап болдым“. Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай сырын айтты
Кезінде халық арасында буынсыз адам атанып, танымал болған Айдос Тоқтарбай сахнадан, цирктен неге алыстап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қонаққа келгенде баяндап берді.
"Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым", - деді ол.
Ал өнерден одан сайын қол үзіп қалуына әділетсіздік себеп болыпты.
"Қытайға жарысқа барып келгенде біраз әділетсіздікке тап болдым. Ғалымжан, Беркін үшеуміздің өнерімізді дұрыс бағаламады. Үздік өнер көрсеткен Ғалымжанның өзіне төртінші орын берді. Содан өнердің есігін біржола жаптым”, - деді Айдос Тоқтарбай.
Сонымен қатар өнер иесі қазір бұл саланың аса жоғары бағаланбайтынын айтып, ренішін жасырмады.
"Циркке жұмысқа бару қиын емес. Бірақ цирк әртісіне көңіл бөлінбейді. Аса қатты бағаланбайды. Сосын көңілден де кетеді. Сондай дүниелерді көргеннен кейін ол жаққа барғым да келмейді. Олар да менің дипломымның жоқтығына қарамай ала беретін. Мен 4-курста оқуды тастап кеттім. Одан кейін академияға барған емеспін. Балалығым да, мінезім де болды. Қазір арланбай, кез келген жұмысты істей беремін. Бүгінде жиһаз жөндеушімін. Құрылысшының баласы болғасын, құрылысқа да бас сұғып тұрамын”, - деді ол сұхбатта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева