Әділет министрлігі депутаттардың шағымынан кейін көлікті ұзақ қыздыру нормасын қайта қарастырады. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралады, оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.
"Егер депутаттық сұрау осы тақырыпта түскен болса, бұл мәселе анықталып талқыланады. Қосымша нәтижелер қарау қорытындысы бойынша хабарланады", - вице-министр Ботагөз Жақселекова.
Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аязды уақытта көлікті 5 минуттан артық жылытуға салынатын айыппұлдарды қайта қарауды сұраған еді. Себебі ауа райының суықтығына байланысты солтүстікте бұл үшін көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.
Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады:
АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2024 жылы - 18 460 теңгені құраса, 2025 жылы - 19 660 теңгеге жетті.
Егер көлік жүргізушісі бұл ережені 12 ай ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 39 320 теңгеге дейін артады.
Қалай шағымдануға болады?
Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан асқаны көрінетін бейнежазба керек.
Тұрғындар көлік иесінің ереже бұзғанын дәлелдейтін бейнежазбаны полицияға көрсету арқылы арыздана алады. Мұндай шағымдар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шара қолдануға негіз болады.
Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Ал қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Айта кетейік, 8 қаңтар қазақстандықтар енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл арқалайтыны туралы хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет