- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әділет министрлігі желіде...
Әділет министрлігі желіде тараған дәретхана қағазына қатысты видеоға жауап берді
Әлеуметтік желіде Министрліктер үйінің алдындағы бірнеше қап дәретхана қағазының видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоның авторының сөзінше, дәретхана қағазы Әділет министрлігі орналасқан Министрліктер үйінің 13-кіреберісінің алдына әкелінген.
@mai_astana А точно ли Министерство Юстиции работает головой? Зачем им столько туалетной бумаги, причём это не единственная поставка! @tokaev_online @AIRAN @ГЛАС НАРОДА @ANTIKOR #министерствоюстиции #минюстрк #минюст @ҚР Әділет министрлігі ♬ Смотри какая красота - Конное ранчо. Конные прогулки
Министрлік әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты жауап берді.
"Министрлік дәретхана қағаздарын сатып алумен айналыспайды. Министрліктер үйінің 13-кіреберісінде Әділет министрлігінен бөлек, тағы 3 орталық мемлекеттік орган орналасқан. Әділет министрлігі Министрліктер үйінің ғимараттарын күтіп ұстау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен айналыспайды. Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова