Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге шалқалап жүзуден жартылай финалға өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мусин өз тобында сегізінші орын алып, жалпы есепте 41-орыннан көрінді.
Ал жартылай финалға үздік 16 спортшы өтті.
Енді қазақстандық спортшы 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!