Әділбек Мусин Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Әділбек Мусин Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
Фото: olympic.kz

Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге шалқалап жүзуден жартылай финалға өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мусин өз тобында сегізінші орын алып, жалпы есепте 41-орыннан көрінді. 

Ал жартылай финалға үздік 16 спортшы өтті.

Енді қазақстандық спортшы 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түседі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget