Актер Аян Өтепберген Taboo бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі қазір сүйіктісі бар екенін, сондай-ақ актер қандай қыздар ұнайтынын айтты.
"Жар болатын қызды кездестірмеген сияқтымын. Саусағымда сақинам жоқ. Кейінгі қарым-қатынасым екі жыл бұрын болды. Сол қызбен төрт жарым жыл жүрдім. Қазір сүйіктім бар. Екеуміз әдемі таныстық. Негізі, маған өз ойы бар қыздар ұнайды. Ал анамның талабы басқа. Анама үйде отыратын келін керек. Анама, ең бастысы, текті жердің қызы керек. Бірақ үйленуге әлі дайын емеспін. Жиі ғашық боламын, сұлулықты жақсы көремін", - дейді өнер иесі.
Айта кетейк, Аян Өтепберген - әнші, кино және театр актері. Ол "Жаужүрек мың бала", "Қазақ елі", "Томирис" фильмдеріне және "Таңшолпан", "Дала қырандары" сериалдарына түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!