Желіде "Соңғы қоңырау" іс-шарасында мектеп бітіріп жатқан әпкесімен вальс билеген жігіт көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео блогер Мөлдір Еркінқызының Instagram-парақшасында жарияланды.
"Мына видеоны монтажсыз, өз дауысымен салғым келіп тұр. Ақеркенің сыныбында ұл аз. Параллель сынып, төмен сынып, таныстармен жұп боп биледі қыздардың көбі. Мамыр басталғанда тәтесі "Жұп табу керек" дегенде, Жәнібек "Қайтесіз іздеп, тұрмыз ғой" деді. Оны басында шынымен қабылдамағанбыз. Кейінірек "Неге жоқ?" дедік. Қалай көрінеді?" - деп жазған видео авторы.
Желі қолданушылары әпкелі-інілі бауырдың биіне сүйсініп, түрлі пікір қалдырған.
"Бауырың бар ма деген осы, көз сүйсінтер жұп болыпты", "Бауыр барда бақытсызбын дей көрме" дейді ғой", "Әпкесін қолдаған інісінен айналайын", "Өміріндегі маңызды сәтте әпкесіне қолдау көрсетіпті. Ер жетті деген осы шығар. Әрқашан бауырлар бір-бірін қолдап жүре берсін", "Қандай күшті көрініс. Сүйсініп, қызығып, қуанып қарап отырдым", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: 5-сынып оқушысы жазғы каникулда қандай кітаптар оқуы керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!