"Әдемі бір хит болады". Танымал әнші Ерке Есмахан жақсы жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Ерке Есмахан хит болатын жаңа ән іздеп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншіге әлеуметтік желіде оқырманы "Жаңа әндер жазып жатырсыз ба?" деген сауал жолдаған. 

Ерке Есмахан болса әзірге жақсы ән таба алмай жүргенін, алайда өнерден алыстамай, жақында жаңа хит жазу жоспарда бар екенін айтты. 

"Әзірге жоқ. Бірақ, ән іздеп жүрмін. Көңілімнен шыққан ән тапсам жарыққа шығарамын. Әдемі бір хит болады бұйырса", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз