- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әдебиет зерттеушісі Төреәлі...
Әдебиет зерттеушісі Төреәлі Қыдырдан тың дерек: “Абай қара сөздер жазбаған“
Фото:
Көрнекі сурет
Әдебиет зерттеушісі Төреәлі Қыдыр Абай Құнанбайұлының қара сөздер емес, насихат жазғаны туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалым өзінің бұл сөздеріне дәлел ретінде жазушы Мүрсейіт Бікеұлы тарапынан жазылған қолжазбаны көрсетті.
1905 жылғы Абай шығармаларын жинақтаған жазушының деректеріне сүйенген Төреәлі Қыдыр: "Абай қара сөздер емес, насихаттар жазған", – дейді.
Зерттеушінің айтуынша, "қара сөз" атауы кеңес заманында Мұхтар Әуезов бастаған абайтанушылардың ұсынысымен енгізілген екен.
Айта кетейік, әдебиет зерттеушісі қолданған қолжазба Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақтаулы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева