Әділет министрлігі Адай тұқымдас жылқылардың 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 желтоқсанда Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.
Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәлендіретін патенттер берді.
Фото: Әділет министрлігінен
2023 жылғы 29 желтоқсанда патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілген болатын.
Фото: Әділет министрлігінен
Министрлік өкілі Талғат Уәли Адай жылқысының жаңа тұқымдарына патент алу оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!