2016 жылы Алматыда 10 адамды өлтірген Руслан Күлекбаев алғаш рет жан азабын жайып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы "Адастырған "ақиқат" деректі фильмінде айтылады.
"Күлекбаев осы колонияға түскен кезде мінезі тұйық болды. Ол кезде оның радикалды көзқарасы әлі де қалпына келмеген еді. Ол камерада жалғыз отырады, ешкіммен байланыспайды. Тек колония қызметкерлерімен (сөйлеседі - еск.). Кейде ол психологтармен және теологтармен әңгімелеседі", - дейді колония бастығы Дархан Нұрекешев.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Күлекбаев қазір Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жатыр.
"Кешегі жағдайды көрген кезде сондай қатігез болған екенмін ғой деймін. Мен адастым. Адасып кеттім. Білімді дұрыс алмадым мен", - дейді ол видеода.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!