Тәжікстанның Конибодом қаласында анасын айуандықпен өлтірді деген айыппен 32 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол анасына 136 рет пышақ сұққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Asia-plus агенттігіне сілтеме жасап.
Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша баспасөз хатшысы Акбар Шарифидің айтуынша, Шахриёр Норматов пен оның 65 жастағы анасы Халимаджон Норматова арасында жанжал болған. Кейін ұлы 24 қарашада қамауға алынған.
Ана мен бала арасындағы кикілжіңнің себебі белгісіз. Тергеу кезінде анасының қалай қаза болғанын Шахриёр Норматов сипаттап берді.
"Ол пышақ ала жүгірді, мені ұрмақ болды. Бірақ мен одан пышақты тартып алып, бетінен бір рет ұрдым. Сосын ішіне, қолына, мойнына, басына пышақ сұқтым. Ол құлап өлді…" - деді ол.
Тергеу барысында Норматов әйелге 136 рет пышақ сұғып, қылмыстың ізін жасыру үшін әйелдің киімін ауыстырып, бөлмесіне апарып, төсекке жатқызып қойғаны, кейін едендегі қанды жуып, пышақты тазалап, ізін суытқаны белгілі болды.
Сондай-ақ, әйелдің психикалық аурумен ауырғаны және 1993 жылдан бері жергілікті психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды.
Акбар Шарифидің айтуынша, Шахрёр Норматовтың психикалық жағдайы психиатриялық сараптамадан өтеді, бірақ ол әлі психологтардың тексеруінен өтпеген.
Шахриёр Норматовқа Қылмыстық кодекстің 104-бабы (вса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылды.
Ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!