Түркістан облысы Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Тұрғындар өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан. Олар ртке төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана хабарлама жіберген.
Өртсөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, өртті толығымен сөндірді. Бірақ өрттің салдарынан жүргізуші қолын күйдіріп, көліктен түк қалмаған.
ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу "112" немесе "102" нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады!
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз