Әлеуметтік желіде Өзбекстандағы Наманган көшесінде белгісіз біреу бір қызды пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kun.uz басылымына сілтеме жасап.
Бұл кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
Оқиға орнынан видео түсіріп алған қыз бірнеше рет көмекке шақырғанын, бірақ ешкім көмекке келмегенін айтты.
Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның Наманган мемлекеттік университетінің маңында болғанын жазған. Kun.uz тілшісінің айтуынша, ол жерде саябақ бар.
Видеода жерде жатқан қыздың денесі мен гүлшоғын көруге болады. Басылым мәліметінше, кездесу кезінде жігіт қызды пышақтап кеткен болуы мүмкін.
Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!